ҚАЖЫЛАРДЫҢ 739 СҰРАҒЫНА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

ҚАЖЫЛАРДЫҢ 739 СҰРАҒЫНА ЖАУАП БЕРІЛДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан қажылық миссиясы жанындағы Сall center Мекке мен Мәдина қалаларындағы қазақстандық қажылардың 739 сұрағына жауап берді.

Атап айтар болсақ, тауапқа байланысты – 112, ихрамға қатысты – 145, сағи жайындағы – 69, шаш алдыру жайлы – 82, тас атуға қатысты – 67, құрбандық турасында – 47, Арафатқа байланысты – 43 , Мұздалифаға қатысты – 46, Мина туралы – 56, бәдәл қажылық туралы – 38 сұраққа жауап берді. Сондай-ақ Мәдина қаласында да қажылар тарапынан 34 сұрақ қойылды. Мәдинадағы қажылар Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сәлем беру, Раудада намаз оқу, Құба мешітіндегі құлшылық жайында сұрады.

Айта кетейік, қажыларды мазалаған сұрақтарға жауап беру – Қазақстан қажылық миссиясының бір бағыты. Осы мақсатта миссия жанынан Сall center ашылған болатын.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: