ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЖЫЛАРЫ МИНА ЖАЗЫҒЫНА ЖИНАЛДЫ (ФОТО)

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЖЫЛАРЫ МИНА ЖАЗЫҒЫНА ЖИНАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Меккеге келген қажыларымыз бүгін Мина жазығына жиналды. Миссия өкілдері қазақстандық қажылар орналасқан шатырларды зиярат етті.

Наиб мүфти Ершат Оңғар, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің өкілі Сүйіндік Рахимов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің жетекшісі Жәнділлә Бекжігітов, миссияның дәрігерлер тобының жетекшісі Әбдіжаппар Еркінұлы, басқа да Қазақстан қажылық миссияның мүшелері жерлестеріміздің жағдайымен танысты. Сонымен қатар миссия мүшелері Батыржан Мансұров «Ихрамның хикметі», «Минадағы құлшылық», Ардақ Оразбаев «Үміт пен үрей», «Тіл зардаптары», Медет Құрсақов «Зулхиджа айының он күнінің артықшылығы» тақырыптарында уағыз-насихат айтты.

Мина жазығы – Мекке мен Муздалифа арасында орналасқан, Харам аймағына кіретін қасиетті жер. Қажылық кезіндегі құрбан шалу, шайтанға тас ату секілді құлшылықтардың бәрі осы жерде жасалады. Бұл жерде Адам ата жәннатты сұраған, Хақ Тағала Ибраһим пайғамбарды (оған Алланың сәлемі болсын) мейіріміне бөлеп көктен көк қошқар түсірген. Ардақты Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға аттанар алдында Минаға тоқтап, құлшылық еткен. Сондықтан мұсылмандар үшін Мина жазығының қадір-қасиеті ерекше.

Айта кетейік, Ихрам киім, тәлбие айтып Минаға жеткен қазақстандық 4000 қажы арнайы тігілген шатырлар астында Құран, намаз оқып, уағыз-насихат тыңдап күн ұясына батқанша тоқтаусыз құлшылық жасайды. Осы жерде түнеп, ертең Арафат тауына аттанады.

 

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: