Намаздан тыс кезде жылау, жылаудың себебі нендей жағдайға байланысты екендігіне қарамастан, дәретті бұзбайды. Егер намаз оқу барысында адам өмірдің қиыншылықтары себепті, яғни бұл фәнилік дүниеге бола жыласа, онда оның намазы бұзылған болып саналады, бірақ дәреті бұзылмайды (Маргинани, әл-Хидайа, II, 4,5).
Алайда адам Жұмақ пен Тозақ туралы ойланып, Алла Тағаланың қаһарына ұшыраудан қорқып жылайтын болса, онда оның намазы да, дәреті де бұзылмайды.
asyldin.kz