Исламдағы татулық

Исламдағы татулық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам — амандық пен бейбітшілік діні.  Әлемді сүйіспешілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілгенін Құран баян етуде:               

«Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік»(Әнбия сүресі 107- аят)

Мұсылмандар осы ерекшелікпен өз діндерін мақтан етіп насихаттап келеді.  Осылайша асыл дінімізде — татулыққа,  достыққа, адамгершілікке, рақымшылыққа аса зор мән беріледі.  Құран ынтымақ пен бірлікті баса назарда насихаттайды. Ислам ешкімді  дініне,  ұлтына, нәсіліне  қарап бөлмейді. Алла құзырында ешкім ешкімнен жоғары емес,  тек тақуалықпен  діндарлықта ғана дәрежелері жоғары болады деген сеніммен әрекет етеді.  Себебі Алла Тағала Кұранда:

«Сендердің бір біріңнен артықшылықтарын несібелеріңнен емес, діндар тақуалықтарыңмен есептеледі» (Хужурат сүресі 13 аят) — деп бұйырса, Пайғамбарымызда (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Ей адамдар! естеріңде болсын!  Раббыларың біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ. Күмәнсіз Алланың алдында ең мәртебелілерің діндар болғандарың».

Құран 14 ғасыр бұрын мұсылмандарға кітап иелерін бірлікке, татулыққа және үн қатысуға былайша шақыруды үйретді:

«Ей Мұхаммед!  Оларға айт: Ей кітап иелері! Сендермен біздің арамыздағы мынадай ортақ сөзге келіңдерші:(яғни) Алла Тағаладан басқаға құлшылық етпейік, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай ақ Алладан өзгені бір бірімізге тәңір тұтпайық.  Егер олар жүз бұрса: Куә болыңдар,  шәксіз біз мұсылман болдық, деңдер» («Әли Имран» сүресі, 64-аят)  

Асыл діміз қоғамдағы өзге дін өкілдерімен дін мәселесінде жанжалдаспай, парасаттылықпен пікір таласуды ескертеді. Бұл жайында Кұранда:

«Кітап иелерімен ең көркем түрде, сыпайылықпен әдептілік сақтап пікір таласыңдар»(Анкабут сүресі 46 аят).

Жалпы Исламдағы татулық аясы кең, мысалы: Ата—Ананы құрметтеу, көрші ақысы, өз шаңырағың жанұйяңдағы татулық, туыстық қатынасты үзбеу, үлкенге, ғалымдарға,  тақуа жандарға сый құрмет көрсету,  Алла үшін жақсы көру, өзге діндегі адамдармен арадағы татулықты сақтау.

Тұрақтылық негізі — татулық.  Ал татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа келісімге жетелейді.

Қазақ халқы әр уақытта да өз өмірінде ар мен ұятты жоғары бағалаған.  Соның нәтижесінде  бүгінде елімізде жасап жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың және әр түрлі мәдениеттің өкілдері бар. Олар өздерін еркін сезініп,  бейбіт өмір сүрулері қазақ халқының бойына сіңген дархандық,  мейрімділік пен қонақжайлылықтың арқасында.  Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиет ата бабаларымыздың қанынан дарыған. Ислам дінін қабылдаған қазақ халқының бойындағы адамгершілік қасиеттер алдымен Құран мен хадис арқылы дамыды.

Бақытбек САЙЛАУБЕКҰЛЫ

Мойынқұм ауданы, Айдарлы ауылы «Айдарлы» мешітінің имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: