Бүгін Қадір түні күтіледі

Бүгін Қадір түні күтіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала Қадір түнін басқа түндермен салыстырғанда ерекшелеп, оның дәрежесін көтерген. Бұл түнде Жаратушы Иенің пенделеріне берер сыйы да мол. Раббымыз пендесіне басқа түндерде бермеген ризық-несібесін осы түнде үлестіреді. Сол себепті, мұсылман қауымы Қадір түнін тағатсыздана күтіп, оны құр жіберіп алмауға әрі бұл түнді тиімді пайдалануға тырысады. Мұсылмандардың Қадір түнін тағатсыздана күтуінің тағы бір себебі – Жаратушыға жақындау. Себебі, Қадір түнінде тілеген дұға-тілектер сөзсіз қабыл болады. 

Міне, осынау қадір түні бүгін облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде күтілмек. Ерлер жамағатына мешіт ішінде, әйелдер жамағаты үшін медреседе, ал үйде қалған жамағат үшін Youtube хостингіндегі asyldin.kz каналында тікелей эфирде арнайы бағдарлама жүргізіледі. 

Қадір кешіне арналып балалар үшін батут құрылып, уағыз-насихат айтылып, Құран оқылмақ. Викториналық ойын ойнатылып, жүлдегерлерге сыйлықтар беріледі. Бүгін тарауық намазында оқылып жатқан Құран хатымының дұғасы жасалады. 

Қадір түнін үйде күтетін көпшілік төмендегі сілтеме бойынша өтіп, арнамызға жазылып алыңыздар. Алла баршамызға Рамазанның соңғы 10 күнінде жасырынған Қадір түніне тура келуді нәсіп етсін!

https://www.youtube.com/channel/UCwWJP0T0oP6Ydyb0G3hZsfg 

asyldin.kz сайтының әкімшілігі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: