#Меркі ауданы: Ауыл жастары ауызашар берді

#Меркі ауданы: Ауыл жастары ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кімде – кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыз ашар берсе күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның сауабындай сауап оғанда беріледі» дегенде Сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауыз ашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға  Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен де ауыз ашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады» (Байһақи).

Осы орайда, Меркі ауданына қарасты Ойтал ауылы «Намазхана» мешітінің имамы Олжабаев Жанболаттың ұйымдастыруымен, ауыл жастарын жинап ауыл тұрғындарына ауызашар берілді.

Ауызашарға бесіктегі баладан, жасы келген қарттарға дейін қатысты. Ауыл ақсақалдары ауыл жастарына риза болып, баталарын берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: