Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің жамағаты мен имамдары 65 отбасыға көмек көрсетті.
Көпбалалы, әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі кісілерге азық-түлік пен әр отбасыға балалары үшін "Жеңіс" саябағындағы кез келген атракционға тегін ойнауға 10 билет тарту етті.
Шарада ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен мешіт имамдары және жамағаты болды. Жәрдем алғандар қуанышымен бөлісіп, алғысын шеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

