Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылының орта мектебінде «Рамазан – ихсан айы» атты тақырыпта оқушылармен кездесу болды.
Кездесуге «Қорағаты» мешітінің имамы Байқожаев Нұрдәулет барып, жастарға Қасиетті Рамазан айында атқарылатын ізгі амалдардың маңыздылығын айтып, кеңінен түсіндірді.
Нұрдәулет имам бір сөзінде: «Құдси хадисте: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін. Ал, (ораза) Мен үшін. Оның сауабын Мен беремін...», – деп Алла Тағала баяндайды. Демек, оразада ықылас пен ниетке көзбояушылық кіре алмайды. Міне, бұл исхан дәрежесі. Ораза бізге ықыласпен құлшылық етуді үйретеді," - деп баса айтты.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіт баспасөз қызметі