Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінде ауыл имамы Ансар Абилов тарауих намазына келген жамағатқа күллі мұсылман баласы үшін қасиетті болған Рамазан айы турасында кеңінен уағыз айтты.
«Рамазан – кешірім айы» жөнінде өрбіген уағызды мешіт жамағаты да мұқият тыңдап, сауалдарын қойды. Рамазан айы – Алла Тағаланың құлдарына кешірімін, мейірімін және де сый-сияпатын молынан жаудырған ай. Сондықтан, мейлінше мұсылман бауырларымызбен араздаспай, керісінше кешірімді болуға тырысқанымыз жөн болар!
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі