Таяуда Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев Шу қаласындағы теміржол колледжіне барып,осында білім алып жатқан студенттермен кездескен болатын.
Білімгерлермен болған сұхбат барысында бас имам пайдалы ақпараттармен бөлісіп, жастарға иман турасында, теріс ағымға ермеу, мұсылманның тұлғалық келбеті уағыз айтып, олардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді.
Сондай-ақ олардың оқуларын береке тілеп, өз салаларының білікті маманы болыңдар деп батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі