#Шу: Имамдар I орын жамағат III орын иеленді

#Шу: Имамдар I орын жамағат III орын иеленді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінен бастау алған "Ұлы дала имамдары"  атты  теңбіл доп турнирі Байзақ ауданында жалғасқан болатын. Аталған додаға Шу ауданынан имамдар және жамағаттан құралған қос команда қатысып, бақ сынады.

Сауапты өмір салтын нұсқайтын имамдар салауаты өмір салтынан да хабары бар екенін ұқтырды. Сондай-ақ солардың уағызына шөл қандырып жүрген жамағат та күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан абзалырақ екендігін көрсетті.

Тартысты ойын нәтижесінде шағын футбол жарысында шулық имамдар  I орынды, ал "Тоғай" мешітінің жамағаты  III орынды иеленді.

Шу аудандық "Жәми"  мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: