Мичиганда бірінші Рамазан базары ашылды

Мичиганда бірінші Рамазан базары ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан – ислам күнтізбесінде өте маңызды ай. Көптеген мұсылман отбасылары Рамазанды ерекше өткізуге, үйді безендіруге, ас мәзірін әртараптандыруға, гардеробтарын жаңартуға тырысады. Сол себепті Мичиган мұсылман қауымы қасиетті ай қарсаңында қажеттінің бәрін қолжетімді бағамен сатып алуға болатын арнайы жәрмеңке ұйымдастыруды ұйғарды. Базарда қасиетті Рамазан айының құрметіне зергерлік бұйымдар, азық-түлік, қына және т.б. сататын барлық мұсылман кәсіп иелері болады.

Нарықта 20-дан астам халал өнімдерін, исламдық киімдерді жеткізушілердің тауарлары қойылады.

«Мұндай жәрмеңкелерді ұйымдастыру арқылы біз мұсылмандар үшін мерекелік атмосфера жасап қана қоймай, мұсылман еместерге Рамазан туралы көбірек білуге ​​көмектесеміз», - деді шараға қатысушылардың бірі Фатима Сыддиғи.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: