#Байзақ: ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары насихатталды

#Байзақ: ҚМДБ-ның концептуалды құжаттары насихатталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданында мешіт қызметкерлеріне арналған ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжаттарын таныстыруға арналған бір күндік семинары өтті. Семинарды Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінің наиб имамы Мұрат Нұрлан жүргізді. Нұрлан концептуалды құжаттарды жан-жақты түсіндіріп, имамдар тарапынан туындаған сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.

Концептуалды құжаттар арасында «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған «Ас беру мәдениеті» және «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарына кеңінен тоқталып өтті.

ҚМДБ тарапынан қабылданған құжаттарды естеріңізге сала кетер болсақ, олар мынар:

І Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:

- Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы

- Имамның тұлғалық келбеті

- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерінің этикасы

- Мұсылманның тұлғалық бейнесі

 

ІІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар:

- «Жеті рухани қазық» қазақстан мұсылмандары рухани тұғырнамасы

- Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі

- Діни лауазымдар тізілімі

 

«Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың IV республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар:

- Ас беру мәдениеті

- Зират және зиярат мәдениеті

- «Зияткер имам» тұжырымдамасы

 Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: