Қазақтың ұлттық дәстүрінде адамгершілікке баулитын, тіршілік иесіне зиян келтірмеу мен қоршаған ортаға жанашырлық сезімін тудыратын тәмсіл-ғұрыптар жеткілікті.
“Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын” деген даналық сөздің өзі адамға байлықтан гөрі жасыл желектің орасан пайдасы барын айшықтап тұрғандай. Бұны жете түсінген тәуелсіз елдің ұландары бүгінде облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде көктем мезгілінің басталуына орай наурыздың алғашқы күндерінде абаттандыру жұмыстары басталды.
Мешіт қызметкерлері мен "Жасыл Тараз" ұйымының атсалысуымен мешіт алаңы тазартылып, гүл отырғызылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі