Жуырда Шу ауданы «Рақыш ата» мешітінің имамы Ерғазы Ақпанов Жаңақоғам ауылдық округі әкімінің аппаратында болып «Діни толеранттылық бейбітшілік кепілі» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ауыл тұрғындары қатысқан жиында маңызды мәселелер көтеріліп, толеранттылықтың ұғымы, маңызы, оның бейбітшілікке несімен кепіл болады деген сұрақтарға жауап берілді.
Тұрғындар имамға сауалдарын қойып, қажетті жауаптар алды. Сонымен қатар тақырыпқа қатысты мағлұматпен тарқасты.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі