ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ПӘТУАЛАРДЫҢ МӘТІНІ ТАЛҚЫЛАНУДА (ФОТО)

ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ПӘТУАЛАРДЫҢ МӘТІНІ ТАЛҚЫЛАНУДА (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Алматы қаласындағы Орталық мешітте ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өтіп жатқан Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде қоғамдық маңызы бар пәтуалардың мәтіні талқылануда.

Атап айтқанда, «Әскери борышты өтеудің үкімі», «Қауесет таратудың үкімі», «Мемлекет және жеке тұлғаның мүлкіне қол сұғудың үкімі», «Жануарлардың ағзасын адамға салудың үкімі», «Шашты трансплантациялаудың үкімі», «Артық саусақты алудың үкімі», т.б. тақырыпта әзірленген пәтуалардың мәтіні талқыға салынуда. Сонымен қатар, «Ислам энциклопедиясы» кітабының І томының, «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабының және «Қ.А.Ясауаи өмірі, қызметі, шығармашылығы» кітабының мазмұны жан-жақты қаралуда.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы нәтижелі еңбек етіп келе жатқан ғалымдарға алғыс білдіріп: «Аллаға шүкір, Ғұламалар кеңесінің жұмысы жоғары деңгейде өтіп келеді. Соның нәтижесінде былтыр «Пәтуалар жинағының» үшінші томын жарыққа шығардық. Сонымен қоса ғылыми жобаларды қолға алдық. Осы орайда еңбек етіп, атсалысқан баршаңызға тағы да Алла разы болсын деп шынайы алғысымды жеткіземін» деді.

 
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: