Ерлі-зайыптылар АҚШ-та ислам туралы ерекше туристік шоу түсірді

Ерлі-зайыптылар АҚШ-та ислам туралы ерекше туристік шоу түсірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америка Құрама Штаттарында тұратын ерлі-зайыптылар мұсылмандардың өмірі туралы деректі сериал түсіру үшін бүкіл елді аралады. Муна Хайдар мен Себастьян Робинс «The Great Muslim American Tour» телешоуының кейіпкерлері атанды.

Сириядан шыққан Муна Хайдар мен оның күйеуі, жазушы және ағартушы Себастьян Робинс АҚШ-та туып-өскен, екеуі де шариғат ұстанушы мұсылман. Олар Чикагодан Лос-Анджелеске 66-маршрут бойынша сапар шегіп, жергілікті мұсылмандардың хал-жағдайын білу үшін әртүрлі қалаларға аялдады. Чикагода олар аты аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлидің қызы Мәрияммен кездесті. Сондай-ақ, жолда олар әйгілі мұсылман инженерлерімен, рестораторларымен, дәрігерлерімен және жазушыларымен кездесті.

Мұсылмандық жұп көрермендерді әзіл-қалжыңымен баурап алды. «Біз бұл сапардың мұсылмандардың өміріне кеңірек көзқарас ашуын, осылайша адамдар бұл киноны біздің көзімізбен көре алғанын қаладық», - деп бөлісті Себастьян.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: