Иманды қалай күшейтуге болады?

Иманды қалай күшейтуге болады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!

      Алдымен иман ұғымын түсініп алсақ. Иман – сөзінің тілдік мағынасы растау, сену, нану, илану дегенді білдіреді. Иманды қалай күшейтуге болады?

Иман – діннің негізі. Кей кездері түрлі себептермен иманымыздың әлсіреп қалатын кездері болады. Оны күйшейту ғана бізді Жаратушымызға жақындастыра түседі.

      Ендеше, иманымызды күшейтудің жолдары қандай?

Иман – Алланың ұлы нығметі. Иман – жүрегіңнің көктемі. Иман – ол нұр. Иман – сенің Әлемдердің Раббысының сүйіктісі екендігіңді айғақтайтын «мөр». Ғұламалар: «Иман – құлшылықпен артады, күнәлармен кемиді» деген. Сол себепті, жиғаның иман болса, оны әп-сәтте шашып алуың да мүмкін. Тіпті ең абзал буын өкілдері болған сахабалар да иман арттыруға көңіл бөлетін.

 

Тарих беттерінде Хазіреті Омардың, ибн Масғұдтың (оларға Алла разы болсын) жолдастарына: «Келіңдер, иманымызды күшейтіп алайық, иманымызды арттырайық!» дейтін болғандығы айтылған. Иә, қолдағы ақшаны, алтынды сақтауға тырысатынымыз секілді, иманды да күзету талап етіледі. Және Құран мен сүннетте иманды сақтаудың, күшейтудің осындай бірнеше әдістері көрсетілген. Бүгінгі кеңестер осы хақында болмақ.

Құран мен сүнетте иманды күшейтудің бірнеше жолдары көрсетілген:

  • Ілім үйрену – иманды күшейтудің бірден-бір жолы.
  • Құранға ой жүгіртіп оқу.
  • Құран – Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры.
  • Салихалы, тақуа, шыншыл адамдар туралы оқу.
  • Алла Тағаланың құдіретін танытатын жаратылыстар, құбылыстар туралы ойлау.
  • Алланың бекіткен шариғатына, салихалы амалдарға ұқыпты болу.
  • Дұға–тілек.
  • Жүрек амалдарына көңіл бөлу.
  • Жақсы кісілермен жолдас болу, салиқалы адамдар болатын отырысқа қатысу.
  • Көп тамақ, көп сөз, көп ұйқыдан тыйылу.
  • Көзді харамнан тыю.
  • Елдің қолындағыға қызықпау.
  • Дінде өзіңнен жоғарыға, дүниеде өзіңнен төменге қарау.
  • Өлімді жиі ойлау.

Алла елшісі (с.ғ.с): «Сіздердің біріңіз теріс істі көрсе, шамасы келсе оны қолымен өзгертсін. Оған шамасы келмесе, тілімен айтып өзгертсін. Оған да шамасы жетпесе, оны іштей жек көріп, қарсылық білдірсін. Бұл – иманның ең төменгі дәрежесі»[4]- деген. Қараңыз Пайғамбарымыз (с.ғ.с) біздерге иманның белгілерін көрсетіп беріп жатыр. Иманның ең төменгі дәрежесі қандай да бір жамандықты көріп, оны тоқтатудың басқа жолдарын таппай қалған жағдайда сол істі жүрекпен жек көріңдер дейді. Олай болса, иманның кемелі – жаман істерді көргенде оның тоқтауына үлес қосу. Көшеде келе жатсаңыз алдыңыздан кісі сүрінерлік тас не басқада заттар жатса, оны біреу сүрініп қалмасын деген ниетпен алып тастасаңыз, Алла сізді сондай пәлекеттерден сақтап қояды, иманыңызды арттырып сауаптар жазып қояды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл жөнінде былай деген екен: «Иман жетпістен астам тармақтан тұрады, оның ең кемелі Лә иләһа илла Алла, ал төмені жолдағы кедергіні алып тастау».

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте былай делінген: «Мұсылмандардың кәміл имандысы ең көркем мінездісі...». Иә, көркем мінез иесін қашанда тек биіктерге жеткізеді. Дана халқымыздың «Ұлық болсаң – кішік бол» деген нақыл сөзі, көркем мінездінің қаншалықты дәрежеде өзгелерден биік тұратындығын аңғартады. Бұған, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) мына бір хадисі дәлел болмақ: «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың, мінез-құлқы ең жақсы болғандарың». Қиямет күні Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) қарапайым адамдардың қасында ғана емес, өзге пайғамбарлар алдында да өте биік дәрежелі орында болады. Ал, Алла елшісімен (с.ғ.с) Жұмақ төрінде көрші болу барша мұсылмандардың баға жетпес арманы. Тек мінезімізді дұрыстап, иманымызды кемелдендірген жағдайда сол арманымыздың орындалуы ғажап емес.

Міне, иманның кемелдену жолын көрсету мақсатында бірнеше аят-хадистеге тоқталып өттік. Жалпы имандылықты арттырудың міндеттілігі жөнінде Құрани Кәрімнің өзінде қаншама аяттар келген. Мақсат барлығын тізбектеу емес, білген бірер аят-хадистерімізге амал жасап, иманымызды кемелдендіру.

Расында иманы кемел жан тақуа, мінез-құлқы көркем, үлкенге құрмет көрсетіп, шариғи іліммен сусынданған, бір сөзбен айтқанда екі дүниенің бақытына жетелейтін амалдар жасап, Алланың разылығына бөленген жан. Алла иман байлығымызды кемелдендіргей! Әмин.

Қатарбай Таджибаев

Жамбыл ауданы, Айша-бибі ауылы

«Айша-бибі» мешітінің имамы  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: