Діни татулық пен тұрақтылық деген не?

Діни татулық пен тұрақтылық деген не?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам - амандық пен бейбітшілік діні. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне бейбітшілік орнату үшін жіберілді.Құранда бұл турасында «Біз сені әлемдерге тек рахым етіп қана жібердік» («Әнбия»–107) – деп сан ғасырлар бойы мұсылмандар осы ерекшелікпен өз діңдерін мақтан етіп насихаттауда.

Ислам әрбір дін өкіліне құрметпен қарайды. Ислам діні ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына қарап бөлмейді. Адамға адами тұрғыдан баға беріп, Алла алдында ешкім ешкімнен жоғары емес, тек тақуалықпен діндарлықта ғана дәрежелері жоғары болады деген сеніммен әрекет етеді.  Себебі Алла Тағала Құранда «Уа адамзат! Сендерді біз әуелде бір еркек, бір әйелден, бір ата, бір анадан өрбіттік. Өз ара қарым-қатынас жасауларын үшін көптеген ұлт,  ұлыс етіп көбейттік. Сендердің бір-біріннен артықтығын несібілеріннен емес, діндәр тақуалықтарынмен есептеледі» («Хужурат» сүресі, 13 аят) деп бұйырған. Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Уа адамдар! Естеріңде болсын. Раббыларын біреу, ешбір араб араб еместен, араб емес арабтан, ақтың қарадан, қараның ақтан діндарлығынан басқа ешқандай артықшылығы жоқ . Күмәнсіз Алланың алдында ең мәртебелілерің діндар болғандарын». Тәуелсіздік алғалы руханиатқа шөліркеген халқымыз уақыт өткен сайын имандылыққа бет бұруда. Алла Тағаланың рахымымен халқымыздың талпынысымен Ислам діні еліміз Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Бұнын нәтижесінде мешітке келушілермен намазға жығылушылар санының артуы қуантса, енді бәзбіреулер үй ішінен үй тігіп, ынтымағымен бірлігі жарасқан мұсылмандардың арасында іріткі салуда.

Қасиетті Құранмен хадистерге қайшы іс-әрекеттер жасап, ислам атын жамылған діни ағымдардын белсенділігі хақ дініміз исламға зиян тигізуде. Қоғамның тыныштығын бұзатын бүлікпен іріткі салуға Алла Тағала мұсылмандарға қатаң түрде тыйым салады. Қасиетті Құранда «Бүлік шығару адам өлтіруденде бетер» («Бақара» сүресі, 217 аят). Хз.Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисіңде былай дейді: «Сендерге намаз ораза және садақаданда артық бір нәрсе айтайын ба? деді. Сахабалар: Иә, РасулулаҺ! - десті. Пайғамбарымыз: «Жарастыру, татуластыру себебі араның бұзылуы шаштын түбінен емес, діннің түбінен қопарады. Ислам дінің қабылдаған Құраннан нәр алған әрбір мұсылман өзгенің ақысын жемей, алажібің аттамай, өзге мұсылман бауырына зиянын тигізбеу керек. Бұл жайында Пайғанбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деді. «Мұсылман мұсылманның бауыры. Ол бауырына зұлымдық жасамайды және оны залымдарға тастамайды. Кім бауырының мұхтаждығын өтесе, Алла Тағала оның мұхтаждығын өтейді. Ислам жақсы мінез-құлықтан тұрады. Пенденің иман тұрғысынан кәмілдігімен әлемнің тыныштығы жақсы мінез-құлықпен жүзеге асады. Ислам жеңіл дін, әрі ешкімді діни сенім үшін айптамайды. Дінде зорлық жоқ. Ислам әрбір пендеге мейірімді және кешірімді болуды бұйырады. Құранда былай дейді: «Кешірім жолын ұста, дұрысттыққа бұйыр, белместіктен аулақ бол» («Ағраф», 199) Ислам бізден үй ішінен үй тігуді немесе түрлі ағымға бөлініп, кейбір діни саяси топтын қол шоқпары болып бүлік шығаруды емес керісінше, қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады. Сол себепті Алланың біздерге нәсіп еткен тыныштығын сақтайық.

Рақымбай ТҮСІПОВ 

Шығанақ ауылы «Досекеұлы Абсат» мешітінің имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: