Жамбыл ауданы Түрксіб ауылы «Түрксіб» мешітінде Жамбыл облысының найб имамы, РАНТ мүшесі, ұстаз Нұралы Бақытұлы арнайы келіп, жамағатқа «Иман турасында» және де «Пайғамбарлардың қиссалары» жайында кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Аталған тақырыптағы уағызды тыңдау үшін алыс-жақын мешіттердегі имамдар мен олардың жамағаттары да қатысқан болатын. Оның ішнде, Қаламаңы ауылының имамы Абилов Ансар мен Бесағаш ауылының имамы Керимов Айтжан өз жамағаттарымен келді. Барлығы бұл іс-шараға 100 ден астам адам қатысты.
Уағыз соңында сұрақ-жауап өткізілді. Жамағат өз ризашылығын білдірді. Пайғамбарымыздан (с.а.с): «Иман дегеніміз не?» - деген кезде, оған Пайғамбарымыз былай жауап берген болатын: «Иман дегеніміз- Алла Тағалаға, оның кітаптарына, пайғамбарларға, тағдырға (жақсылық та жамандық та Алладан екеніне сену), ақырет күніне, періштелерге иман келтіру».
Осы хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.с) тайға таңба басқандай санамалап айтып бергені, ол «Иман негіздері» деп аталады. Иман шарттары дегенде, осы аталғандарды міндетті түрде білуіміз шарт.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі