#Т.Рысқұлов: Дін мен дәстүрдің қажеттілігі қандай?

#Т.Рысқұлов: Дін мен дәстүрдің қажеттілігі қандай?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу барысында «Дін мен дәстүрдің қажеттілігі қандай?» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуе Құлан ауылдық «Қасымбай ата» мешітінің имамы Әбілдаев Нұрқияс қатысып тақырып бойынша баяндама жасады.

"Дін тарихтың барлық кезеңінде адамзатпен бірге жасап, бірге жалғасып, өзіндік әдет-ғұрыптарының қалыптасуында маңызды рөл атқарған. Дін – ақыл иесі адамдарға пайғамбарлар жеткізген ақиқаттарды қабылдауға үндейтін иләхи заңдылық. Құранда хазірет Нұһқа бұйырылғандардың хазірет Ибраһимге де ұсынылғаны және хазірет Ибраһимге жазбалар берілгені көрсетіліп, хақ діндердің негізгі сүйенетіні пайғамбарлардан жететін «иләһи уаһи» екені ескертілген. Ибраһимдік дәстүр, Құран кәрімде үлгілі тұлға ретінде ұсынылған, жеке өзі бір үмбет ретінде сипатталған әрі хазірет Пайғамбардың да ізінен еруі керектігі айтылған. Хазірет Ибраһимнің дәріптеген дәстүрі, яғни Алла сенімі болған таухид ақидасы, ол – Ислам" - деді маман сөзінде.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: