Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы полиция қызметкерлерімен жат ағымдардың алдын алуға қатысты кездесу өткізді.
Аудан бас имамы жат ағым ұстанушыларының ұстанымы, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпымызға қайшы келуі, діни сенім тұрғысында қателескен тұстарын жіліктеп, түсіндіріп өтті.
Дәстүрлі дінімізбен айырмасын нақтылап жеткізген маман діни білімнің маңызын жеткізді.
"Шындығында мұсылман қандай болу керек? Әрине, нағыз мұсылман Алладан шынайы қорқып, Құдай тағала көріп тұрғандай құлшылық жасауы керек. Кісіге үкім шығарып, «сен кәпірсің, күнәһарсың» деген сөздерді қолданбауы қажет. Сондай-ақ айналасына пайда тигізетін мейірімді жан болуы тиіс. Өйткені ардақты пайғамбарымыз: «Жақсы адам – қоғамға пайдасы тиген адам», – деген. Демек, қоғамға пайдалы болғаның – жақсы мұсылман болғаның," - дейді Асқар Зәкіржанұлы өз сөзінде.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі