«Ел үлесі – пәтерге» акциясының аясында Меркі ауданынында 1 баспана берілді.
Меркі ауданды, Сұрат ауылында қуанышты жаңалық. Ауыл тұрғындарының атсалысуымен баспананың кілті тұрмысы төмен жас отбасыға табысталды.
Үй табыстау рәсімінде Сұрат ауылының имамы Абдрахманов Азамат сөз сөйлеп:
«Діни басқарманың басты 7 жұмыс бағыттарының бірі – қайырымдылық. Біз осы отбасының әлеуметтік жағдайын ескеріп, ауыл тұрғындарының атсалысуымен үй тұрғызып бердік. Үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болсын. Бұл бағыттағы қайырымдылық жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз, - деді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі