Ата-бабамыз қай уақытта өмір сүрсе де өздерінің тұрмыс-тіршілігін ислам дінінің негіздерімен ұштастыра білген. «Кең болсаң кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен.
Осы бір игі дәстүрді жалғастырып келе жатқан мешіттерде қайырымдылық үзілген емес. Оның тағы бір дәлелі бүгін ғана Қордай ауданы Еңбек ауылдық мешітінде 2 қой сойылып, еті 22 адамға таратылды.
Бір емес бірнеше отбасының қуанышына айналған игі қайырымдылық шарасы өз берекесімен ауылды мерекеге толтырды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі