Шынтуайтында, біз қандай ас жесек, рухымызға сол әсер етеді. Иманың әлсіреп, Құран санаңа қонбай жатса, міне мән беру керек дүние асыңның халал болмағы. Бұл үйде ас дайындап жүрген әйелдерге де, сол азықты тауып келіп жүрген ер адамға да қатысты.
Ал қоғамдағы астың шариғатқа сайлылығын тексеретін ең сенімді ұйымдардың бірі - ҚМДБ "Халал Даму". Жұмысы қауырт әрі қызу жүріп жатқан ұйым "Халал" сертификатына өтінім берген және алған өндірістерді қайта-қайта тексеруден жалыққан емес.
Бүгін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" ұйымының өкілі Нұрматжан Миразизов шұжық өнімдерін шығарушы "Дадабаев" ЖК барып, кәсіпорынды тексеріп қайтты.
Осындан халал ас ұсынып, көпшілікті қуантып жүрген өндіріс кезекті мерзімдік қайта тексеруден өтуде. Сондай-ақ, маман кәсіпорынның қызметкерлеріне халал жайында семинар-тренинг жүргізіп қайтты.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі