Жас буынның санасы мақта секілді. Немен нәрлендірсен соңы сіңіреді. Келешегіне пайдаланады. Сондықтан аға буынның ақылы, ата-бабаның нақылы оларға ауадан кейінгі қажеттілік.
Жуырда Шу ауданы Ақтөбе ауылдық кітапханасы мен ауылдық клуб бірлесумен «Дін тәрбие көзінің бастауы» атты жоғарғы сынып оқушыларымен жүздесу ұйымдастырылған болатын. Аталған шараға ауылдық «Жылғабек» мешітінің имамы Әбусейіт Қоспанов шақырылып, спикер ретінде сөз берілді.
Ә.Қоспанов асыл дініміздің адам өміріне беретін тәрбиесі, оның жемісі мен дұрыс жолы туралы кеңінен тоқталып, тақырыпты тарқатты. Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, әркімнің діннен негіз алған дәстүрді біліп, тәлімін алуы керек деген пікірмен түйіндеді.
Байжан ЕМБЕРДІ,
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі


06 Ноябрь 2025
15 Джумада-авваль 1447

