ХАБАРЛАНДЫРУ: "Өнер қырандарының" қатысуымен Мәуліт рухани кеші өтеді

ХАБАРЛАНДЫРУ: "Өнер қырандарының" қатысуымен Мәуліт рухани кеші өтеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
  • Алла тағала «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Әлбетте, Алла да, Оның періштелері де пайғамбарға (Мұхаммедке) салауат (дұғасын) айтады. Ей, мүминдер! Сендер де Оған салауат және сәлем жолдаңдар» деп бұйырады. 

Адамзаттың ардақтысы Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) туған айы Мәуліт мерекесінің құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен "Мейірім пайғамбары - Мұхаммед (с.ғ.с.)" атты рухани мерекелік кеш өтеді. 

5 қараша сағат 15:00-де "Баласағұн" мәдениет сарайында өтетін шарада елімізге танымал "Өнер қырандары" өнер көрсетеді. Билеттерді төменде көрсетілген мамандардан хабарласып ала аласызар. 

Келіп түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Кешіміздің қадірлі қонағы болып, рухани нәр ала отырып, қайырымдылық жасауға шақырамыз! 

Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтылатын сауапты жиыннан кеш қалмаңыз!

asyldin.kz сайтыны әкімшілігі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: