Мұсылман Хасан туралы фильм Оскарға ұсынылды

Мұсылман Хасан туралы фильм Оскарға ұсынылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша Түркиядан үміткерді Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі Кинематография бас басқармасының өкілдері мен кинематография саласындағы кәсіби ұйымдар өкілдерінен тұратын комиссия анықтады.

Марапаттау рәсімі 2022 жылдың наурыз айына жоспарланған және Америка Құрама Штаттарында өтеді.

74-ші Канн кинофестивалінің «Ерекше көрініс» бағдарламасында «Хасанның міндеттемесі» фильмінің әлемдік премьерасы өтті. Фильмде бүкіл саналы ғұмырын әкесінен қалған жерге арнаған Хасанның өмірі баяндалады. Мұсылман қиын өмір жолынан өтті – махаббат, сатқындық, еңбек, өзін іздеу. Хасан өмірдің мәнін, әділет пен шындықты іздеп Меккеге қажылыққа барады және өткен өмірімен бетпе-бет келіп, көптеген сұрақтарға жауап табады.

Kaplan Film және Sinehane бірлесіп түсірген фильмде Үміт Карадаг, Филиз Бозок, Махир Гүнсирай ойнады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: