СЪЕЗД ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БАС МЕШІТПЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

СЪЕЗД ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БАС МЕШІТПЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазан айының 5-6 күндері Елорда төрінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығы XIX отырысының қатысушылары республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, қазақ жұртының бас құлшылық ордасымен танысты.

БАӘ Мұсылман ақсақалдар Кеңесінің бас хатшысы Султан Фейсал Ремейти, Зерттеу орталығының жетекшісі Джамаль Мухаммед Даруиш әл-Самне, атқарушы үйлестіруші Ахмед Юсиф Ахмед Шайх Альзааби және Пәкістан Ислам республикасының Исламабад Халықаралық Ислам университетінің Ислами зерттеу институтының бас директоры Мухаммед Зия уль-Хак мырзалар құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, ортақ байланыс орнатып қайтты.

Құрметті қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов өзі қарсы алып, республикалық Бас мешіт жайында құнды мағлұматтарға қанықтырды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: