Мойынқұм ауданы, Ұланбел ауылы «Ұланбел» мешітіне жаңа имам келді.
Аудан имамы Еспенбетов Рысбай Асылбекұлы арнайы халықтың алдында жаңа имам Батырбаев Рысбек Дарханұлын таныстырып тағайындады. Жаңа имам 1968 ж дүниеге келген, отбасы бар, екі ұлдың әкесі.
Ауыл халқы имамды жақсы қарсы алып, жылы лебіздерін айтты. Ал құрметті ақсақалдар бата беріп, дұға жасады.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі


11 Август 2026
26 Сафар 1448

