Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай, Жамбыл облыстық Әйел-қыздар секторы "Мектепке жол" науқаны аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті.
Шара барысында 8 балаға мектеп формасы, ақ көйлектер мен құрал-жабдықтары салынған 10 мектеп сөмкесі берілді.
Қажеттіліктерді ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының өкілі Гүлжан Серікқызы табыстады. Сонымен қатар балдырғандарға оқуда озат болуларын тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі




02 Июнь 2026
16 Зуль-хиджа 1447

