Алла пен расулына бағыну

Алла пен расулына бағыну

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Ей, иман келтіргендер! Алла пен елшісіне бойсұныңдар. Оны (Құран мен үгіттерін) ести тұра теріс айналмаңдар» («Әнфәл», 8/20).

«Алла пен елшісіне бойсұныңдар, бір-біріңмен керісіп, қайшылыққа түспеңдер. Егер солай істейді екенсіңдер, бойларыңды үрей билейді де, құттарың қашып, күш-қуаттарыңнан айырыласыңдар. Сабырлы болыңдар, шынында, Алла – сабырлылармен бірге» («Әнфәл», 8/46). «Ей, иман келтіргендер! Аллаға, сондай-ақ, елшіге әрі іштеріңнен шыққан басшыларға бойсұныңдар. Егер Аллаға және ақыретке сенген болсаңдар, араларыңда қандай да бір дау туса, оны шешу үшін Алла пен елшісіне жүгініңдер. Осылай істегендерің әрі қайырлы, әрі оң нәтижелі болмақ» («Ниса», 4/59). Расулаллаһ (с.а.с.): «Кімде-кім маған бойсұнса, Аллаға бойсұнған болып саналады. Ал, кімде-кім маған қарсы шықса, Аллаға қарсы шыққан боп саналады», – деген. Пайғамбарымыз: «Қашқақтап, қырсыққандарды қоспағанда, үмбетім түгелдей жұмаққа кіреді», – дегенде, сахабалар: «Қырсыққандар кімдер?» – деп сұрайды. Сонда: «Кімде-кім маған бойсұнса, жұмаққа кіреді, ал кім бойсұнбаса, сол қырсыққан болады», – деп жауап берген. «Арасында билік айту үшін, мүміндерді Алла пен елшісіне жүгінуге шақырғанда, олардың айтар сөзі тек, “әміріңе құлдық” – деу болатын. Міне, солар нағыз табысқа жеткендер. Кімде-кім Аллаға һәм елшісіне бойсұнып, қорқып, Аллаға қарсы келуден сақтанса, мәңгілік бақыт пен жетістікке қол жеткізгендер солар болмақ» («Нұр», 24/51-52).

«Мүмін ерлер мен мүмін әйелдер – бір-бірінің шынайы жанашырлары. Олар әрдайым жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыяды. Намазды кемеліне жеткізе толық оқып, зекетті толық береді. Алла пен елшісіне бағынады. (Міне сондықтан), Алла тағала оларды шексіз мейіріміне бөлейді. Расында, Алла – аса үстем, асқан даналық Иесі» («Тәубе», 9/71).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: