Жерлеу рәсімдерін бірізділікке салу мақсатында Қордай аудандық мешітінде дүнген имамдардың қатысуымен семинар жүргізілді.
Шарада ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен наиб имамы Дәурен Нұржанұлы болды.
Жиында ҚМДБ бекіткен құжат "Жаназа және жерлеу рәсімдері" бойынша түсініктеме беріліп, қоғамда болып жатқан ысыраптың алдын алу, шариғатқа сай жерлеу рәсімдерін орындау сынды мәселелер тілге тиек болды.
Имамдар өздері қатысқан рәсімдер жөнінде айтып өтіп, түйікілді жайттардың түйінін тарқатты.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



03 Март 2026
14 Рамадан 1447

