Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылында мешіт жанынан асхана салынып жатыр. Бұл асхананың құрылысы осы рамазан айында басталды.
Алдағы уақытта асханада ауызашар, құдайы ас, садақалар беріледі деп жоспарлануда. Мешіттің имамы Тоқсанбаев Марат көмек қолын созып демеуші боп, қолымен, ісімен, қаражатымен үлесін қосып ниеттес болған әрбір азаматқа рақметін айтып, ізгі дұғасын арнады.
Түзелбеков Қуаныш
Т. Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі



15 Январь 2026
26 Раджаб 1447

