Шу аудан тұрғындары айт мейрамын өз деңгейінде атап өтті. Айлардың сұлтаны қасиетті рамазан аймен қимай қоштасып, күллі мұсылман қауым, аудандық "Төле би" мешітке айт намазын оқуға, жылдағыдай ағыла келді. Ораза айт мейрамы адамдардың көңіліне көктемнің шуағын сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.
Мешітке келген жұртшылық бір-бірін құттықтап, жылы жұмысақ сөздерін айтып, қуаныштарын білдірді.
Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы аудандық мешітке келген тұрғындарды Ораза Айт мейрамымен құттықтап, өнегелі өсиетін айтты. Аудан имамының өсиетін ұйып тыңдаған көпшілік айт намазын оқып, тарқасты.
Айта кететін жайт, аудандық мешіт және ауданға қарасты барлық ауылдық мешіттерінің дін мамандары карантиндік шараны сақтай отыра, айт намазды мешіттің ауласында оқыды.
Сонымен қатар, мешітке келген көпшілік ара-қашықтық сақтап, бетперделерін киюді де естен шығармады, тұрғындар антисептик құралдармен кіргізілді.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі