ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Жамбыл облысы мешіттерінде қызмет ететін әйел ұстаздармен жиналыс өткізді. Шарада әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, онлайн дәріс, уағыз жүргізіп, пандемия салдарына қарамастан шәкірт тәрбиелеп, білім беріп отырған ұстаздарға құрмет көрсетті.
Ораза айт мерекесінің қарсаңында жасалған жиында бас имам ұстадарды ұлық мерекемен құттықтап, шоқ-шоқ гүлдер мен қаржылай сыйлықтар табыстады.
Бас имам өз сөзінде: "Әйел ұстаздары арасында ауызбіршілік ерекше көрініс табуы тиіс. Бірлесе, ақылдаса отырып қызмет атқарсақ, біз ала алмайтын қамал жоқ. Сіздерге үлкен үміт артамыз," - деп жігерлендірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі