#ТАРАЗ: Қала имамдары білім жолында жүрген шәкірттің оқу ақысын төледі

#ТАРАЗ: Қала имамдары білім жолында жүрген шәкірттің оқу ақысын төледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы имамдары «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті» бітіруші курс шәкірті Көмеков Дінмухаммед Рыскелдіұлының 480 000 теңгені құрайтын жылдық оқу ақысын төлеп берді. Қала имамдары Тараз қаласында мекендейтін шәкірттің туған жерінде дін қызметінің ұлғаюына мол үлес қосады деп үміт артатындарын жеткізді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Садақаның ең абзалы – бір мұсылманның білім үйреніп, кейін оны өзге мұсылман бауырына үйреткені» деп бұйырады.

Бітіруші курс студенті ел алдында жүрген имам ағаларына алғысын білдіріп, өздерінен үлгі алатындығын жеткізді.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: