Қасиетті Құран Кәрімде Алла Тағала: «Және намазды (дұрыс болу шарттарына сай етіп) оқыңдар, әрі (толық) зекет беріңдер», - деп бұйырған («Бақара» сүресі, 43-аят).
Меркі ауданы, Тәтті ауылының имамы Көпбосынов Асхаттың ұйытқы болуымен, Тәтті ауылы тумасының демеушілігімен 14 отбасыға «Зекет» малы таратылды.
Жергілікті имам: «Рахым айында берілген садақаның сауабы еселеп артады. Сондықтан жағдайы бар адамдар ораза кезінде Зекет беруге асыққаны абзал. Рамазан айында ауылымыздың азаматы 1 сиыр және 17 қойды зекет ретінде 14 отбасыға таратуы – Алла Тағаланың бұйрығына бағынуы деп бағалаймыз. Біз басқа да кәсіпкер азаматтарды өз зекетін мұқтаж отбасылармен бөлісіп, осындай сауапты іске атсалысуға шақырамыз», - деді Асхат Мүсіретбекұлы.
Көмек алған отбасылар өз рахметтерін айтып, кәсіпкердің отбасына, мал-дүниесіне береке тілеп ризалықтарын білдірді.
Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі