Тараз қаласында орналасқан шұжық өнімдерін шығарушы "Иштаев" ЖК, "Досматов" ЖК, "Тим" ЖК кәсіпорындары қасиетті Рамазан айында қайырымдылық жасап, жақсылыққа себепші болды.
Өндіріс орындары ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша "Халал Даму" өкілдігімен біресіп, жалпы 15 отбасыға көмек көрсетті.
Әр кәсіпорын 5 отбасыға азық-түлік пен өздері шығаратын өнімдерді тарту етті.
Шараның басы-қасында болып, көмекті жеткізуге мұрындық болған "Халал Даму" ұйымының өңірдегі өкілі Нұрматжан Миразизов кәсіпорындарға алғыс айтып, береке тіледі.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



13 Январь 2026
24 Раджаб 1447

