Қордай Құран қарилар даярлау орталығының директоры Ғалымжан Сайлауұлы өңірдегі Қонаев және Ломоносов атындағы орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларымен жүздесті.
Дін маманы оқушыларға жат ағымдардың сипаттары, олардың сенімдері, салт-дәстүрге қарсы тұстары жөнінде ақпарат берді.
Шараға мектеп ұстаздары да қатысты. Сызба бойынша айқын, нақты, дәлелді түсіндірген маман діни білім жастар үшін діни иммунитет болатынын жеткізді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі



08 Август 2026
23 Сафар 1448

