Алла Тағала Қасиетті Құранның алғашқы аятын оқу білімге байланысты түсірген. Құранда "Алақ" сүресінің бірінші аятында «Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» деп бұйырған.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің сауат ашу курсында діни білім алып жатқан шәкірттерге қасиетті Құран Кәрім сыйға тартылып, ҚМДБ-ның төл басылымы «Иман» журналы таратылды.
«Жәми» мешітінің ұстазы Сәуле Нұрсұлтанқызы сауат ашу курсына қатысушы әйелдер жамағатына, соның ішінде 80 жасқа таяп қалған ақжаулықты аналарымызға алғысын білдірді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


11 Март 2026
22 Рамадан 1447

