Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы "Дін және жастар" тақырыбында Мойынқұм ауылдық жастарымен кездесу өткізді.
Шараның басты мақсаты - қоғамдағы жастарға діни дұрыс көзқарасты қалыптастыру және жат жолға түсіп кетпеуді насихаттау болатын.
Жастарға жемқорлықтың қаупі жайында түсіндіре келе, жемқорлық қоғамға тек жамандық әкелетінін, пайдасынан зияны орасаң әрі одан сақтану керек екендігін ескерте кетті.
Бас имам алдағы уақытта да жастармен кездесулер ұйымдастырылатынын жеткізді.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі


11 Март 2026
22 Рамадан 1447

