Тараз қаласы «Жастар ісі» секторына жауапты бас маманы әрі Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Қайырғали Бахтиярұлының ұйымдастыруымен «әз-Наурыз» мейрамына орай мешіт қызметкерлері мен мешіт тазалықшысына қаржылай 180 мың теңге көмек көрсетілді.
Алланың үйі үшін аянбай қызмет етіп, сауабын шынайы түрде Құдайдан үміт ететін, пейілі кең, дарқан мінезді, еңбегі зор мешіт қызметкерлері үшін бұл көлге тамызылған бір тамшы су сықылды. Әсілінде, дінімізде айтылғандай: «Кімде-кім мешіт ішінен қандай да бір қоқысты алатын болса, Алла Тағала ол кісінің бұл дүниедегі бір уайымынан арылтып, ақыретте бір саты дәрежесін көтеріп қояды» деп баян етілген.
Ал,Ардақты Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өз сөзінде: «Кімде-кім діндес бауырының қажетінде болуын тоқтатпайынша Алла Тағала ол кісінің қажетін өтеуін тоқтатпайды» деп айтқан. Осы сөзді өзіміздің ұран етіп, одан сайын үлкен жақсылықтар жасауды тоқтатпаймыз.
Алла Тағала дін үшін аянбай, тер төгіп жүрген азаматтардың басына амандық, бойына қуат, істеріне берекетін берсін.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі