Әбу Бәкірдің халифалығы туралы Али мен Әбу Суфиян арасында болған әңгіме

Әбу Бәкірдің халифалығы туралы Али мен Әбу Суфиян арасында болған әңгіме

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Суәйд ибн Ғафла (р.а.) жеткізеді: «Әбу Суфиян Али мен Аббастың (р.а.) қасына барып: «Ей, Али! Ей, Аббас! Халифалық неге Құрайыш қауымының бір ауылға да толмайтын әулетінің қолында? Уаллаһи, егер қаласаңдар, Әбу Бәкірге қарсы қол жинауға келіссеңдер, Мәдинаның көшелерін аттысы бар, жаяуы бар жер қайыстырар әскерге толтырамын»-дейді.

Али (р.а.): «Оған қарсы қол жинағаныңды қаламаймын. Егер біз Әбу Бәкірді халифалыққа лайық деп таппасақ, оны басшы етіп сайламас едік. Ей, Әбу Суфиян! Ислам – бір-біріне адал, жақсылыққа жаны құмар мүміндерден құрылған біртұтас үмбет. Мүміндер бір-бірінен алыста болғанымен ниеттері бір, бір-бірін жақтап, қорғайды, жақсы көреді. Ал мұнафықтар бір-біріне қаншалықты жақын болса да, бір-бірін алдап, аяғынан шалуға тырысады», – дейді. Басқа бір риуаят бойынша, Али (р.а.) былай деген екен: «Сен Ислам мен мұсылмандарға ұзақ уақыт бойы жаулық істеп келдің. Бірақ ол қастандығың Исламға да, мұсылмандарға да ешқандай зарар берген жоқ. Әбу Бәкірді халифалыққа біз лайық көрдік».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: