Норвичтегі (Англия) мұсылман асханасы мұқтаж адамдарға тегін ыстық түскі ас береді.
Сент-Августин көшесіндегі Bombay Spice Bangladeshi and Indian Takeaway асханасы мұқтаж отбасылар үшін 300 түскі ас дайындады. Норвичтің орталық мешіті мен Ислам қоғамдық орталығына жеткізілген тағамға тауық еті мен күріш қосылған көкөніс карриі кірді.
"Біз қоғам үшін, әсіресе пандемияға байланысты бір нәрсе жасағымыз келді",-деді науқанды ұйымдастырушылардың бірі Сиражул Ислам.
asyldin.kz