ҚМДБ ІС БАСҚАРУШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ ІС БАСҚАРУШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Іс басқарушы қызметіне Қанат Дәуренбеков тағайындалды.

«Дәуренбеков Қанат Тұрпанұлы Қарағанды облыстық орталық мешітінің Іс басқарушысы қызметінен босатылып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Іс басқарушы болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті Аппарат жиналысында Қанат Тұрпанұлын ұжымға таныстырып, жаңа жұмысына сәттілік тіледі. Бас мүфти осыған дейін ҚМДБ Іс басқарушысы қызметін атқарған Ербосын Орынға игі тілегі мен жылы лебізін жеткізді.

«Сіз сонау тәуелсіздік алған жылдардан бастап, яғни тұңғыш Бас мүфтиіміз Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіреттің мүфтилігі кезеңінен асыл дінімізге қызмет етіп келесіз. ҚМДБ-ның Орталық Аппаратында өзіңізге жүктелген міндетті тиянақты орындап, көптеген игі жобаларды жүзеге асырдыңыз. Шынайы ықыласпен жасаған жұмыстарыңыздың сауабы еселеніп жазылғай. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан Сізге айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды білдіремін. Алла разы болсын! Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, Шымкент қаласында жалғастыратын имамдық қызметіңізге береке нәсіп етсін!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: