2021-ші жыл басын Шу қаласының имамдары қайырымдылықпен бастады. Қала имамдары қаладағы мұқтаж отбасыларға азық-түліктей жәрдем берді. Бабаларымыз айтқандай «Қайырым жасасаң-қайырымын өзің көресің» демекші, қала имамдары демеушілер арқылы мұқтаж отбасыларға жәрдем жасады.
Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы демеушілік көрсеткен қолы ашық жандарға алғысын білдіріп, мұқтаж отбасыларға сәлемін жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



18 Март 2026
29 Рамадан 1447

