Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғындары демеушілік жасап, мұқтаж отбасыға үй салып берді.
Жаңа қонысқа қадам басып, кірген жанұя Аллаға шүкірлік айтып, көпшілікке алғысын жеткізді. Аталған қайырымдылық шарасына ауданның бас имамы Сұлтаншаріп Джадраев қатысып, үй кілтін табыстады.
Сонымен қатар, мешіт атынан сыйлыққа кілем беріп, жаңа тұрғын үйлерімен құттықтап, дұға жасады.
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі



29 Июль 2026
13 Сафар 1448

