Қасиетті Рамазан айының оразасын белгілі бір себептермен ұстай алмағандар не болмаса мүлде ораза ұстап көрмегендер Шәууәл айының алты күн оразасын ұстай алады. Алайда Рамазан айының оразасын ұстамай, тек Шәууәл айының алты күн қосымша оразасын ұстағандар бір жыл ораза ұстағандай сауап алмайды.
Рамазан айындағы қаза ораза мен Шәууәл айының алты күн оразасын ұстауға бір ниет етіп, бірге ұстауға бола ма? Қаза оразаны бөлек, қосымша оразаны бөлек өтеген абзал. Дегенмен, Шәууәл айының алты күн оразасының сауабы Рамазан айындағы оразаға тікелей байланысты.
Хадистерде келтірілгендей, кімде-кім қасиетті Рамазан айында және Шәууәл айында қосымша алты күн ораза ұстаса, сол бір жыл ораза ұстағандай сауап алады.
asyldin.kz