Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адам баласының не нәрсеге мұқтаж, не нәрсеге зәру екенін білгіңіз келсе: «Бақыт деген не?» - деп сұраңызшы. Сонда бақыттың абстракталы ұғым екенін түсінесіз.

Расында, әрбір пенденің неге қолы жете алмай жүргенін не болмаса неден айырылып қалып, қасірет шегіп жүргенін жете білетін боласыз. «Ең үлкен жұмбақ – өмір, ең үлкен байлық – бала, ең үлкен бақыт – денсаулық» дегендей, сөйлескен адамдарымның басым көпшілігі: «Бақыт – он екі мүшеңнің сау болуы», «Бақыт деген денсаулық. Денаулық болса бәрі болады», «Әрине, бақыт – ол денсаулық. Денсаулық Алланың бізге берген аманаты. Денсаулық алтыннан да қымбат», «Дені сау жарлы, науқас патшадан бақытты», «Оттың жылу беретіні сияқты денсаулық та адам баласына зор рахат береді», «Қанша бай болсаң да денсаулықты сатып ала алмайсың, сол себепті денсаулық ақшаға сатып алынбайтын бақыт», - деп санаймыз деген жауаптар берді. Тек ішнара: «Бақыт – үй тола бала», «Бақыт – тақуа әйел», «Бақыт – зәулім үй, керемет көлік, жалақысы көп жұмыс, өйткені ақшаң көп болса бәрін сатып алуға болады, бұл дүниеде, қазіргі таңда сатылмайтын, сатып алынбайтын нәрсе жоқ», - дейтіндер де кездесіп жатты.

Құрметті оқырман, сіздер қалай ойлайсыздар: «Бақыт деген не?» «Басты байлық – денсаулық» деген нақыл сөзбен келісесіздер ме? Ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар...

Ақерке Сыдықова 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: